Көші-қон полициясының қызметкерлері өңірімізге келген еңбек мигранттарына соңғы екі айда жұмыспен айналысуға 300-ден астам рұқсаттама берді.
2014 жылғы 12 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы аумағында жеке тұлғаларда үй жұмыстарымен айналысу үшін еңбек мигранттарына рұқсаттама берудің жеңілдетілген тәртібі қарастырылған. Заң Қазақстанға визасыз келу және 3 айдан кем емес мерзімде болу туралы келісімі бар ТМД елдерінің азаматтарына таралатындығын еске саламыз.
Екі айда Солтүстік Қазақстан облысында 312 шетелдік жұмыс істеуге рұқсат алды, оның 27-сі – әйелдер. Олардың негізін Өзбекстан Республикасының азаматтары құрайды. Рұқсат алған адамның 42-сі – Әзірбайжаннан, 31-і Тәжікстаннан келген. Біздің өңірде еңбек еткісі келетіндердің ішінде Армения, Қырғызстан және Грузия елдерінің азаматтары да бар.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ІІД баспасөз
қызметінің қызметкері.