Жерлес кикбоксшы Жадыра Ахмадиева Иордания елінде өтетін әлем біріншілігінің жолдамасына қол жеткізді.
Спортшы қыз Астана қаласында өткен ел біріншілігінде 2 кездесу өткізіп, бірінші болып шыққан павлодарлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңген екен. Бірақ елордалық келесі қарсыласынан ұпай саны бойынша ұтылған. Нәтижесінде Жадыра Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегері атанып отыр.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.