«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛҒАН НӨМІРМЕН ЖҮРГЕН

Бір тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, көлік жүргізу құқығынан бір жылға айырылды. Сот шешіміне сәйкес жалған мемлекеттік нөмірмен «Lada 21214» автокөлігін жүргізген 30 жастағы Петропавл тұрғыны осындай жауапкершілікке тартылды. Полицейлер бұл фактіні заманауи технологиялардың арқасында анықтап, тез арада жолын кесті.

Жол жүру қағидаларының бұзылуын автоматты түрде тіркейтін бейнежүйелер Петропавл көшелерінде тіркеуден шығарылған мемлекеттік нөмірмен жүрген көлікті анықтаған. Процессингтік орталықтың қызметкерлері бұл туралы полицияның барлық мүдделі қызметтеріне хабарлаған.

Бейнебақылау инспекторлары және қол астында «Мегакам.Қорғау» бағдарламасы бар патрульдік инспекторлар іздеудегі автокөліктің жүрген жерін қысқа уақыт ішінде анықтаған. Көп ұзамай ол Жамбыл көшесінде тоқтатылып, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Петропавл қаласында елуге жуық қосымша интеллектуалдық бейнежүйе орнатылғаннан бері жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланудың бес фактісі анықталған.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp