«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАНАШЫРЛЫҚ — ЖАНЫНЫҢ НҰРЫ

Ертеңгі тізгін ұстар, елін ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай өрге шығарар азамат тәрбиелеу – ұстаздар қауымына жүктелетін жауапты міндет. Осы талап үдесінен табылып, жаңа заманның ұрпақтарына сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында талмай еңбек етіп келе жатқан Қанат Қожахметов – өз ісінің нағыз білгірі. Ол еңбек жолын қатардағы мұғалімдіктен бастап, мектеп басшысына дейінгі баспалдақтардан өтті.

Көпбалалы отбасында дүниеге келген Қанат Қоныспайұлы әке-шешесінің қалауымен Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының инженерлік-механикалық факультетіне оқуға түседі. 1987 жылы Отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін оқуын сырттай жалғастырып, электрик болып жұмысқа орналасады. Бір жылдан соң Қаратал орта мектебі басшылығының шақыруымен математика пәнінің мұғалімі қызметіне құлшына кіріседі. Арқалық педагогикалық институтында білімін сырттай жалғастырып, математика және физика пәндерінің мұғалімі мамандығын игеріп шығады. Біліктілігімен көзге түскен жас мұғалім Качиловка орталау мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, директоры лауазымына жоғарылатылады. Аудандық білім бөлімінде әдіскер, бас маман қызметтерінде іс-тәжірибесін байытып, 2008 жылы Рудный орта мектебінің директорлығына тағайындалады.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp