«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАНЖАЛҚҰМАРҒА КҮШ ҚОЛДАНУҒА ТУРА КЕЛДІ

102 пультіне Петропавл қаласының Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі 225-ші үйдің ауласында белгісіз адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына полиция жасағы келіп жеткен кезде ер адамдар жұдырықтасуын доғарғанымен, бір әйел мен мас ер адам жанжалдасуын жалғастыра берді. Тіпті полицияның ескертуіне де құлақ аспады. Екіленген ер адамды тәртіпке шақыру мүмкін болмағандықтан, полицейлер оның қолын қайырып, күш қолдануына тура келді. Заң талаптарына бағынбағаны үшін бұрын сотталған құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал жиналды. Әрі қасындағы адамдар оның өздеріне дене жарақатын салғанын және тіл тигізгенін айтып арызданды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Екінші жанжалқұмар қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін, ал әйел қоғамдық орында аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл оқиға төтенше жағдай режімі кезінде орын алғанын ерекше атап өткен жөн. Сондықтан төбелеске қатысқандардың барлығына да төтенше жағдай режімін бұзғандары үшін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік материал жиналды.
Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев бұл оқиғаның карантин кезінде орын алғанына тоқталып, қатаң түрде оқшаулау режімін сақтау және қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу қажеттігін ескертті.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp