«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫ

Облыс орталығында жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан қала тұрғынын көлік қағып кетті. Соққының қатты болғаны соншалық, зардап шегуші аяғынан айырылған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға №3 қалалық емханаға жақын маңда орын алған. Жас жігітті соққан көлік жүргізушісі апат орнынан бой тасалағанымен, көп ұзамай ұсталды. Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, “Mitsubishi Montero Sport” көлігін тізгіндеген 30 жастағы жүргізушіге қатысты тиісті тергеу шаралары жүргізілуде. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес жүргізушінің мас болғаны анықталды. Зардап шегуші қазіргі таңда ауруханада жатыр. №3 қалалық аурухананың дәрігерлері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне науқастың денсаулығына қатысты түсініктеме берді.

– Науқастың жағдайы өте ауыр. Зардап шегушінің жарақаты күрделі. Қатты соққының салдарынан аяғынан өзге де дене мүшелеріне зақым келген. Жамбас, бас сүйек жарақатын алған. Бүгінде оған барлық медициналық көмек көрсетілуде, – деді травматолог-ортопед Вали Бедешов.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltústіk Qazaqstan”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp