«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жапонияда індетке шалдыққандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді

Кеше Жапонияда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1660 жағдайы тіркелді.

Әлемдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі кейбір сарапшылар қыс мезгілі жақындаған сайын қауіпті кесел өршитінін және “үшінші толқынның” болуы ықтимал деп болжам жасауда.
Вирустарға қарсы күрес жүргізу комитетінің отырысынан кейін Жапония үкіметінің коронавирусқа қарсы шараларына жауап беретін министр Ясутоши Нишимура инфекцияның жазғы кезеңнен кем түспейтін өршуі жақындағанын ескертті.
Бұған дейін бүкіл ел бойынша бір күндік рекорд (1597 оқиға) 7 тамызда тіркелген еді.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp