«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жарайсың, Бақтияр!

Бразилиядағы Рио Олимпиадасына тасжолдағы велоспорттан Қазақстан атынан баратын екінші велоспортшының есімі белгілі болды.

Алматы қаласында өткен ел біріншілігінің қорытындысы бойынша жолдама 130-дан астам спортшының арасында оза шапқан біздің жерлесіміз – Бақтияр Қожатаевқа бұйырды.

Сөйтіп, облыс орталығындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Бақтияр төрт жылда бір рет келетін бәсі биік додада бұған дейін жолдама иеленген жерлесі Алексей Луценкоға серік болатын болды.

Бұған дейін петропавлдық велошабандоз 21 күнге созылған “Джиро д’Италия – 2016” велокөпкүндігінде “Астана” велокомандасының капитаны, италиялық велошабандоз Винченцо Нибалидің жеңіске жетуіне көмек көрсеткен. Сонымен қатар, ол тынымсыз еңбек пен жаттығулардың арқасында Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық бірінші орынға ие болуына өзіндік үлесін қосты.

Лондон Олимпиадасының алтын жүлде иесі Александр Винокуровтың ізбасарлары ел құрамасының беткеұстарлары болып, төрткүл дүниені өзіне қаратқан додада топ жаратындығына кәміл сенеміз.

Айта кеткен жөн, Бразилияда жерлестеріміз 6, 7 және 10 тамызда Олимпиада жүлделерін сарапқа салады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp