«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРНА ТӨЛЕУ ЖАЛҒАСУДА

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 133 миллиард теңге түсті. Өңірлер арасында біздің облыстың үлесі 2,43 пайызды құрады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың басында толық іске қосылады. Бірақ 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап біздің елімізде жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер өз қаржысы есебінен жалақының 1,5 пайызы көлемінде жалдамалы жұмыскерлер үшін жарна аударуда. Міндетті медициналық сақтандыру қорына түскен 133 миллиард теңгенің 124,3 миллиард теңгесі жұмыс берушілердің есебінен аударылса, қалғаны жеке кәсіпкерлердің үлесінде. Жалпы еліміз бойынша өткен жылдың желтоқсан айында қорға 10,4 миллиард теңге аударылғанын айтқан жөн. Өңірлер арасында Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы басымдық танытуда. Ал біздің облыстан қорға аударған жарна көлемі аз. 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың соңына дейін шамамен жиырма төрт мың жарна төлеуші 200 мыңнан астам медициналық қызмет алушыға 3,2 миллиард теңгеден астам қаржы аударған. Былтыр жалдамалы жұмыскерлер үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің төлемдері 2,4 миллиард теңгені құрады.

 Анна ПЕНЬКОВА,

әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының сарапшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp