«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРТЫ ТОННА БИДАЙ ҰРЛАНДЫ

Қызылжар ауданының Рассвет ауылындағы шаруа қожалығының кептіру камерасынан жарты тонна бидай қолды болды. Ұрлық жасалған кезде күзетші орнында болмапты, бейнекамералар да жоқ екен. Жедел-іздестіру шаралары барысында осы шаруашылықтың 1985 жылы туған екі жұмысшысы ұсталды. Ұрланған бидай олардың бірінің үйінен табылды. Олар бидайды біреуіне тиесілі мотоблокпен алып шығып, жеке мақсаттарына пайдаланбақ болған. Ұрланған бидай заңды иесіне қайтарылды. Тергеу жүріп жатыр.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің айтуынша, көктемгі егіс науқанына қатысты әр қылмыс ерекше бақылауға алынған. «27 сәуірден «Астық-2020» жедел-алдын алу іс-шарасы басталады. Дәнді дақылдардың, жанар-жағармайдың, гербицидтердің сақталуы, егін егу және орақ науқаны кезіндегі қылмыстарды ашу – негізгі міндет. Іс-шара үш кезеңнен тұрады. Алғашқысы сәуірдің 27-сі мен мамырдың 31-і аралығында, екіншісі маусымның 20-ы мен шілденің 10-ына дейін, үшіншісі орақ науқаны кезінде өтеді», – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаров. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp