Ергендер өзге жұрттың айтағына,
Залалын жауыздықтың байқады ма?
Араға іріткі салған сол қаскөйлер
Жөн сілтеп, шын ниетін айтады ма?
Шайқалтып шаңырақ пен керегені,
Білеміз кімдерге бұл керек еді.
Олардың жанын өртеп қызғанышы
Жақпайды еліміздің егемені.
Ұйысып, ынтымақпен біріккен ек,
Байқасақ, біреулерге бүлік керек.
Қолына қару алып жастарымыз
Жүрмесін қаралы күн туып кенет.
Жауыздар сына қағып арамызға,
Бүліктің уын сеппек санамызға.
Жастарым парасат пен ақылға ұйып,
Дарысын елжандылық баламызға!
Болат САҒЫНДЫҚОВ,
облыстың құрметті азаматы.