«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

 

Әлеуметтік желілерде облыс орталығының орталық көшелерінде көлікке тіркелген үрлемелі матрацпен сырғанаған бір топ жас бейнеленген видео жарияланған болатын. 

Бұл бейнетаспаны тексерген жергілікті полиция қызметі бөлімінің мамандары бұзақылық әрекет жасағандар 19 және 20 жасар қала тұрғындары екенін анықтады. Олардың біреуі жақында Ресейден келген екен. Көлікті 1987 жылы туған жергілікті азамат жүргізген. 

Петропавл қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, тәртіп сақшылары заң бойынша барлық қажетті шараларды орындады. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-ші және 593-ші бабының 2 тармағы бойынша материалдар жиналып, сотқа жіберілді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp