«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 2013 жылдың қараша айында біздің өңірімізде де “Жастар бастамалары орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, іске кіріскен болатын.

Бұл ұйымдар бір жыл ішінде өңір жастарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына, түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасып, пәтер алуы сияқты сан алуан мәселелердің оңтайлы шешілуіне ұйытқы болуда.

Аталмыш мекеменің міндетінің бірі – жұмыссыз жастарды еңбекке тартып, студенттік жасақтың жұмысын ұйымдастыру. Осыған орай орталық екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін, сондай-ақ, “Жұмыс іздеймін” атты акция ұйымдастырды. Соңғы шара барысында қаламыздағы жоғары оқу орны мен колледждерді аралап, түсінік жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық көліктердегі жас жолаушыларды да назардан тыс қалдырмай, буклеттер, кітапшалар таратты. Нәтижесінде, жәрмеңкеге қатысуға өңіріміздегі 250-ден астам жас тілек білдірді. Олар психологиялық сұрақтарға жазбаша түрде жауап берді, арнайы мамандармен сұхбаттасты, өтініш толтырып, тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды.  

“Жастар бастамалары орталығы” оларды жұмысқа орналастырып қана қоймай, жұмыс берушілермен үнемі байланысып отырмақ.

Алексей ТЕТЕРИН,

“Жастар бастамалары орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

жұмыспен қамту жөніндегі нұсқаушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp