«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР ЖҰМЫСЫ ОҢ БАҒАЛАНДЫ

Облыс орталығындағы Достық үйінде “Нұр Отан” партиясы “Жас Отан” жастар қанаты филиалының XII есеп берусайлау конференциясы өтіп, биылғы жылдың басынан бері атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Үстіміздегі жылы “Жас Отан” жастар қанаты 13 іс-шара мен қайырымдылық кештерін ұйымдастырған. Бүгінгі таңда ұйымда 53 мүшесі бар волонтер мектебі, “Кеңестер орталығы” жұмыс істейді. Жыл соңына дейін “Саламатты ұрпақ” жобасымен “Street Workout” спорт алаңы ашылмақшы.

“Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы болып Азамат Шаймерденов сайланды. Осы жиынға Астанадан арнайы келген “Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов Солтүстік Қазақстан жастарының белсенділігін жоғары бағалап, алдағы жұмыста сәттілік тіледі.

Балқия БОЛАТБЕКҚЫЗЫ,

М. Қозыбаев атындағы

СҚМУ студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp