«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ИНСПЕКТОРЛАР САЙЫСЫ

Қызылжар ауданындағы “Серебряный бор” сауықтыру лагерінің базасында жол қозғалысының жас инспекторларының облыстық жарысы өтті. Оған аудандар мен қалалық жарыстардың 14 жеңімпаз командасы қатысты.

Алдымен саптық байқауға түссе, білгіштер байқауында жол қозғалысы мен тарихынан теориялық білімдерін сынға салды, сосын жол қозғалысын реттеушінің дұрыс іс-қимылын және жол-көлік оқиғасынан зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетті. Жас инспекторлар бұлардың бәрінен мүдірмей өтті. Бәрінен де күрделісі “Мәнерлеп жүру” байқауы болды, онда жас велосипедшілер кедергілерден сүрінбей өтіп қана қоймай, “сегіздікпен” жүруді тамаша меңгеріп, қолдарындағы стақандағы суды төкпеу тапсырмасын орындады.

Жарыс қорытындысында Қызылжар ауданының “Парасат” орта мектебінің командасы бірінші орын алды. Екінші орынды – Есіл, ал үшінші орынды Ақжар аудандарының жас инспекторлары еншіледі. Жүлдегерлер кубокпен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. “Үздік командир” аталымында қызылжарлық Қайсар Нұрғалиевтің, “Жас реттеуші” сайысында жамбылдық Диас Қанатовтың және “Үздік білгіш” аталымында Шал ақын ауданынан Жансерік Өмірбаевтың мерейлері үстем болды. Ал, “мәнерлеп жүруде” Артем Кимченко мен Александр Гайдук үздік деп танылды. Жарыс жеңімпаздарының барлығы Щучинск қаласындағы “Балдәурен” сауықтыру лагеріне жолдамамен марапатталды. “Парасат” мектебінің жеңімпаз командасы Өскемен қаласында өтетін ТМД елдерінің мемлекетаралық жарысында облыс намысын қорғайды.

Ольга ШИЯН,

облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp