«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС КӨРЕРМЕНДЕР КӨЗАЙЫМЫ – соғыс тақырыбындағы туындылар

Ұлы Жеңіс мерекелері өнер мен әдебиеттің мәңгілік тақырыбына айналғанын баршамыз білеміз. Биыл – Жеңістің 70 жылдығы. Осы айтулы күнге арнап қазірдің өзінде мұражайларда көрмелер ұйымдастырылып, ондағы соғыс тақырыбындағы туындылармен көпшілік көрермендер ықыласпен танысуда.

Жақында осындай көрме Петропавлдағы бейнелеу өнері мұражайында ашылып, оның қорынан қылқалам шеберлерінің бірнеше туындылары экспозициялардан орын алды.

Облыс орталығындағы Сафуан Шаймерденов атындағы классикалық гимназияның, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің, «БЭСТ» гимназиясының және басқа да осындай оқу орындарының шәкірттері аталған көрменің ең алғашқы көрермендері болды.

Көрмеге қойылған шығармалар бірнеше жанрларда салынған. Олар – портрет, кейіптеме, сурет және басқа да жанрлардағы қылқалам туындылары, сондай-ақ, ағаштан жасалған оюлар.

Осылардың ішінде В. Цветковтың “Партизан Лариса”, А. Балахонцевтің “Босатылған Берлинде”, А. Молдабековтің “Соғыс жылдары”, Л. Народницкийдің “Тұтқын фон Паулюс”, А. Сапуговтың “От сөнгенде”, Д. Қайрамбаевтың “Соғыс балалары”, Н.Нұрмұхаммедовтың “Бауыржан Момышұлының портреті” сияқты туындылары оқушылардың ықыласына бөленгенін мұражай қызметкерлері айрықша атап өтті.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp