«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАУЫНГЕРДЕН ҚАЛҒАН ЖӘДІГЕР

Облыстық полиция департаментінің мұражайында отты жылдардан сыр шертетін жәдігерлер бар. Құжаттар мен сирек фотосуреттердің арасында киім, қару және оқ-дәрілердің түрлі үлгілері сақталған.

Бүгінде музейде 4 мыңнан астам экспонат бар. Соның ішінде майдангер Александр Понуровскийдің қасығы да сақтаулы. Жерлес жауынгерге мұны ұрыс алдында қаруластарының бірі сыйға тартқан. Жаумен шайқасқан жерлесіміз 1942 жылы ауыр жараланған. Емделгеннен кейін Брест пен Гомельді алуға, Белоруссияны, Польшаны, Шығыс Германияны азат етуге қатысқан. Жеңісті аға лейтенант шенінде қарсы алып, соғыстан кейінгі жылдары милиция қатарында қызмет еткен. Музей қорына өзі сыйға тартқан алюминий қасыққа экскурсияға қатысушылар тарапынан қызығушылық ерекше екенін айтып өткен жөн. Сондай-ақ, өзге де майдангерлердің гимнастерка, котелок, фляжка, құжаттары мен басқа да заттары ең құнды жәдігерлердің қатарынан орын алады.  

 
Нұрбек БАЕКИН,  
 облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар 
бөлімінің бас маманы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp