«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАУЫНГЕРЛІК РУХ ТІРЕГІ

 

 

 

“Астана” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дулат Адырбековтың басшылығымен келген арнайы топ Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті әскери басқару органдары мен әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты. 

Кездесу барысында Дулат Адырбеков әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын түсіндірді. Қолбасшы Жолдауда көрестілген өзекті мәселелерді қозғап, басты бағыттардың мәні мен маңызына тоқталды. Мемлекет басшысы ұсынған бағыттарды жүзеге асыру мақсатында бөлінген қаражат өз кезегінде жауынгерлік дайындықты арттыруға мүмкіндік беретінін атап көрсетті. Сондай-ақ, кездесу барысында жаңа тұжырымдама негізінде бәсекеге қабілетті армия құру тапсырмасын орындау, әскери қызметтің беделін арттыру, еліміздің Қарулы Күштерінің жабдықталуы мен кәсіпқойлығы, Отанға деген адалдық пен мемлекет қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерге тойтарыс беруге дайын болу қажеттілігі жайында да баяндалды. Сондай-ақ, Дулат Адырбеков офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге еліміздің Қарулы Күштеріндегі “Рухани жаңғыру – жауынгерлік рух тірегі!” ұранымен жауынгерлік әзірлік және Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына дайындық барысы туралы баяндады. Ақпараттық-насихат тұрғысындағы баяндаманы жеке құрам ұйып тыңдады.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp