«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ДИІРМЕН – ЖҰРТШЫЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Аққайың ауданының орталығы – Смирново ауылында құны 900 миллион теңге тұратын жоба негізінде бой көтерген жаңа диірмен кешенінің ашылу рәсіміне облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты.

Жаңа нысанның құрылысы Индустрияландыру картасы шеңберінде 2014 жылы басталған болатын. Жыл басынан бері бағдарлама аясында облысымызда 15 кәсіпорын бой көтеріпті. “Диірмен кешенінің өңіріміздің ішкі жалпы өнімін молайтып, облыс бюджетіне түсетін салық пен басқа да әлеуметтік төлемдердің көлемін арттыруға көмегі тиеді. Әрі еліміздің экспорттық әлеуетін арттырып, тұрғындар сұранысын да өтейтін болады”, – деді Ерік Хамзаұлы өз сөзінде.

– Нысан Түркия елінен жеткізілген қондырғылармен жабдықталған. Бұл жерде тәулігіне бірінші, екінші және жоғары сұрыпты ұн мен кебектің 120 тоннасын шығару жоспарланып отыр, – дейді кәсіпорын директоры Бахтияр Шайкенов. Сонымен қатар, бұл жерде шаруалар астық сақтап, кептіре де алады. Диірменде әзірге 32 жұмысшы еңбек етуде. Алдағы уақытта диірмен үш ауысымда жұмыс істейтін болады.  

Фариза ЖАЗИТОВА,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp