«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ЖОБАЛАР МАҚҰЛДАНДЫ

«Даму» қоры» АҚ-ның облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Бизнестің жол картасы – 2020» және өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіп субъектілерін несиелеу бағдарламасына қатысушы кәсіпорындарға баспасөз туры өтті.

Өңірде жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік субсидия алу бойынша жалпы сомасы 13 миллиард теңгенің 188 жобасы мақұлданды. Осы жылдың 10 айында кәсіпкерлерге 0,75 млрд. теңге мөлшерінде қайтарымсыз қаржы, яғни субсидия берілді.

Облыс бойынша жыл басынан бері «Даму» қоры несиелік портфелі шамамен 1.9 млрд. теңге болатын 39 кепілдеме берді. Ал, берілген кепіл қаржының көлемі 0,8 млрд. теңге. «Даму» қоры кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілері жыл басынан бері жаңа бастаған және бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлерге «БЖК – 2020» бағдарламасы, басқа да кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік қаржыландыру көздері, маркетинг, бизнесті жоспарлау мен заңгерлік және бухгалтерлік мәселелер бойынша 3,5 мыңнан астам консультация өткізді.

Баспасөз турына жиналғандар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мемлекеттік субсидия, «Даму» қорының кепілдемесін алу және Ұлттық қордан 6 пайыздық жылдық мөлшерлемемен өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіп субьектілерін несиелеу бағытына қатысушы компанияларды аралады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp