«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа туған 114 сәбидің ПТР-тест нәтижелері оң болып шықты

Күн сайын жаңа туған нәрестелер мен КВИ бар балалардың хал-ахуалына мониторинг жүргізіледі. 3164 балада COVID-19 диагнозы расталды, бұл елдегі барлық КВИ жұқтырғандардың 3%-ын құрайды. 114 нәрестеде ПТР-тест нәтижесі оң болып шықты.

COVID-19 диагнозы зертханалық расталмаған КВИ (-) 1810 бала тіркелді. Балалар арасында КВИ салдарынан болған өлім-жітім жоқ. Коронавирустық инфекцияның ағымы балалардың 85%-ында симптомсыз және жеңіл болды, орташа – 14,2% және 19 балада ауыр өтті. Барлығы стационарда емделді. Бүгінгі таңда COVID-19 бар 340 бала бақылауға алынды, оның ішінде үшеуі – жаңа туған нәресте, 337-сі – 18 жасқа дейінгі балалар, ауруханаға жатқызылғандар – 55, 285 бала амбулаториялық ем қабылдауда.
7 балада COVID-19 асқынуының белгісі ретінде вирустық пневмония, үш науқаста пневмония негізінен бактериялық сипаттағы пневмония анықталды.
Тағы 200 оқушы дәрігерлердің бақылауында, сондай-ақ балабақшалардың кезекші топтарынан 18 бала, интернаттан 21 бала бар. Оның ішінде 14 бала ШҚО девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатынан, СҚО Мамлют орта мектеп-интернатының 7 тәрбиеленушісі бар.
Тамыз айынан бастап 42 балада COVID–19 (Кавасаки-ұқсас синдром) байланысты мультижүйелік қабыну синдромы тіркелді. Қазіргі уақытта мұндай диагнозы бар науқастар жоқ.


 https://egemen.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp