«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕДЕЛДІК ҚАЖЕТ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің дағдарыс орталығында департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаевтың төрағалығымен өрттердің алдын алу мәселесіне арналған «дөңгелек үстел» болып өтті. Бұл отырысқа мүдделі органдардың өкілдері, атап айтқанда, аумақтық инспекция, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар басқармаларының, жергілікті полиция қызметінің, «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның қызметкерлері де қатысты.

Жиын барысында диқандардың далада сабан мен шөпті жаппай өртеуіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша азаматтық қорғау органдары, жергілікті полиция қызметі, табиғи ресурстар басқармасы және орман шаруашылығы аумақтық инспекциясы қызметкерлерінен құрылған облыстық жедел топтар облыс аудандарында рейдтер өткізетін болып шешілді. Сонымен қатар кезекші-диспетчерлік қызметтердің ақпаратты уақтылы әрі неғұрлым жылдам беруі керектігі айтылды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp