Қазір елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көптеген жұ-мыстар атқарылуда. Әсіресе, мемлекеттің дамуын тежейтін кеселмен күресте жаңа әдіс-тәсілдер енгізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахинмен осы жаңашылдықтардың тиімділігі жөнінде әңгіме өрбіттік.
– Нұрлан Серікұлы, алдын алу шараларының нәтижесі қандай? Жемқорлық қылмыстары азайды ма?
– Бүгінгі таңда қоғамдық дертпен күресте қоғамның белсенділігі де, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен саяси мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі де артты. Қол астындағы қызметкерлері жемқорлық қылмысын жасаса, тікелей басшылары жауап береді. Жалпы, қоғам-мен диалог орнатып, өзекті мәселелерді бірге талқылау Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік органдары күш-жігерін жұмылдыру саясатымен және ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидасымен толық үндеседі. Мемлекеттік органдардың қоғаммен қарым-қатынасы өзара сенімді нығайтып, жауапкершіліктің жаңа тетіктерін қалыптастырды.
– Жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарға сыйақы беру қағидалары өзгергені туралы естіп жатырмыз. Сыйақы өсті ме?
– Үкіметтің үстіміздегі жылғы 4 ақпандағы қаулысымен Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлағандарды көтермелеу қағидаларына түзетулер енгізілді. Жаңартылған жүйеге сәйкес жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарға сыйақы беру тәртібі өзгерді. Сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы хабарлаған адам, соттың шешімі шыққан соң параның 10 пайызы көлемінде сыйақы алады. Параның немесе келтірілген залалдың сомасы 1000 айлық есептік көрсеткіштен (2651000 теңге) аспайтын қылмыстар бойынша сыйақы сомасы 79530-265100 теңге аралығында болады. Егер параның сомасы 1000 АЕК-тен асса (2651000 теңге), сыйақы соманың 10 пайызын құрайды, бірақ 10604000 теңгеден аспауы тиіс.
Аталған жаңашылдықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықтың азаматтық ұстанымын ынталандыруға бағытталған. Мәселен, 2019 жылдың 12 айында жемқорлықтың ашылуына 9 адам көмек көрсетті. Оларға 1,3 млн. теңгеден астам сыйақы төленді.
Сұхбаттың толық нұсқасын газетіміздің 3 наурыз күнгі №26 санынан оқи аласыздар.