
Солтүстікқазақстандық жеңілатлеттер Михаил Литвин мен Маргарита Мұқашева Қытайдың Чунцинь қаласында өткен “Asian Grand Prix Series” халықаралық турнирінде алтыннан алқа тағынды.

Бұл сайыстың бірінші кезеңінде қазақстандық спортшылар алты медаль жеңіп алды. Бәсі биік додада Михаил Литвин 400 метрге, ал Маргарита Мұқашева 800 метрге жүгіруде жеңістің бірінші сатысына көтерілді. 100 метрге жүгіру жарысында Ольга Сафронова мәреге бірінші болып жетті.
Иван Иванов ядро лақтыру сайысында, Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден, ал Элина Михина 400 метр жүгіруде, Рима Кашафутдинова, Элина Михина, Ольга Сафронова және Светлана Голендовалар 4*100 эстафетасында күміс медальға қол жеткізді. Эстафета сайысында ерлер командасы үздік үштікті қорытындылады.
Осылайша қазақстандық спортшылар үш алтын, төрт күміс және бір қола медаль иеленді.