Облыс орталығында жекпе-жектен ел біріншілігі аяқталды.
Аталмыш жарыста солтүстікқазақстандық Алексей Кривенко 70 кг. салмақ дәрежесінде топ жарды. Төрт кездесудің төртеуінде де жеңіске жеткен ол астаналық Қанат Досмағамбетов пен алматылық Нұрсұлтан Имағанбетовтен және қарағандылық Мейірбек Мұханов пен Дмитрий Ермолаевтан басым түсті.
Ал Асылхан Әскеров (55 кг.), Айбас Қоңқаев (80 кг.), Марал Мұстафин (85 кг.) және Георгий Харачиди (90 кг.) жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.