«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТІМ БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұжымы облыс орталығындағы ЕС-164/3 жалпы режімдегі түзеу мекемесінің жеке құрамымен бірлесіп, Отбасы күні мерекесіне орай облыс орталығындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне материалдық көмек жасады. Осыған орай аталмыш департаментте кездесу болып өтті. 

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Бұл игі істі департаменттегі әйелдер кеңесі бірден қолдап, қызметкерлерден қаржы жинай бастаған. Жалпы мұндай қайырымдылық шарасын департаменттегілер алғаш рет ұйымдастырып отырған жоқ. “Осы күнге дейін түрлі мерекелерде Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға шамашарқымызша көмек жасап келдік. Оларды отбасы күнінде де қуантуға асықтық”, – дейді облыстық Қылмыстықатқару жүйесі департаментінің қызметкері Нұрсұлу Көбенова.  

Кездесуге келген балалар қамқоршыларының қолынан түрлі ойыншықтарға, тұрмысқа қажетті заттар мен киім-кешекке ие болды. Жүздері жайнаған қыздар мен ұлдар алғыс ретінде шағын концерт берді.

Қайырымдылық шарасы барысында 100 мың теңгеден астам қаржы түсті.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp