Солтүстікқазақстандық спортшылар Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан өткен ел біріншілігінен олжалы оралды.
Аталмыш сайыста жерлес желаяқ Әділ Қанафин кедергілі 1500 метрлік сайыста топ жарса, 1000 метрлік сайыста үшінші болды. Ал тағы бір жерлесіміз Виктория Сергеева 1500 метрде жеңістің бірінші сатысына көтерілді.
(Өз тілшіміз).