«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Алматы қаласында “Педагогтердің біліктілігін арттыру: тәжірибе және болашағы” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында 5-ші республикалық “Алтын диск” байқауы өтті.

Байқауға Солтүстік Қазақстан облысынан Ярослав Кардашов (№7 орта мектеп), Айнұр Әбдірахманова (М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж), Тимур Әлібаев (Талшық ауылы, №4 орта мектеп) қатысты.

Байқауға қатысушылар панорамалық сабақ, шығармашылық көрме, өзінің кәсіби қызметінің тұжырымдамасын қорғау (авторлық бағдарлама, әдістеме, технология, ғылыми-зерттеушілік жұмыстар), информатика мұғалімінің ғылыми-әдістемелік жұмысының таныстырылымын ұсынды.  

Біздің облыстың намысын қорғаған ұстаздар ашық сабақтар барысында өздерінің педагогикалық қызметтерінің бағытын, басты идеясы мен тәжірибесін көрсетті. Олар ұсынған сабақтар заманауи оқыту үдерісінің талаптарына сай келді. Сабақ мазмұны кестелермен, көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен және ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен толықтырылды.

Нәтижесінде жалпы білім беретін мектептер арасында Ярослав Кардашов 1-орынды жеңіп алды. “Креативті педагог” аталымында Айнұр Әбдірахманова топ жарды. “Жаңашыл мұғалім” аталымында Тимур Әлібаев жеңіске жетті.

Светлана ШӘУКЕРОВА,

“Өрлеу” біліктілігін арттыру ұлттық орталығы” АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалының жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp