Қылмыскерлерді іздестіру – криминалдық полиция жұмысындағы маңызды міндеттердің бірі. Іздестіру жұмысы басқа қызметтермен және шетелдік құқық қорғау құрылымдарымен өзара тығыз іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.
– ТМД елдері қылмыскерлерді іздестіру желісі бойынша өзара іс-қимылды Минск және Кишинев конвенциясы аясында жүзеге асырады, – дейді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстанда Ресейдің Омбы, Түмен және Қорған облыстарымен шекаралас ынтымақтастық шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар бар. Бұл ақпаратпен алмасу тәртібін жеңілдетеді және шекаралас мемлекеттердің аумағында жасырынып жүрген қылмыскерлерді табуға көмектеседі.
Үстіміздегі жылы облыс полицейлері ТМД елдері үшін жиырма қылмыскерді іздеп тапты. Қазақстанның аумағынан тыс жерде екі солтүстікқазақстандық ұсталды. Оның біреуі – дене жарақаттарын келтірумен бұзақылық жасағаны үшін өткен жылы сотталған Петропавл қаласының тұрғыны. Шартты түрде мерзімімен бұрын босатылған ол белгіленген шектеулерді елемей, Ресейге кеткен. Ақпарат шекаралас облыстарға жіберіліп, оған халықаралық іздеу салынып, Астрахань қаласынан табылды. Қазіргі уақытта ол жазасын облысымыздағы бас бостандығынан айыру орнында өтеуде.
Жыл басынан бері облыс аумағында 37 қылмыскерге іздеу салынып, олардың 28-і ұсталды.