«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛЫ КӨҢІЛДЕН ШЫҒА МА?

Қоғамдық көлік жүргізушілерінің тиісті техникалық талаптарды және жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтауын бақылау – полицейлердің басты міндеттерінің бірі. Қоғамдық көлік жүргізушілері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қатысуымен жол апаттарын болдырмау мақсатында 10 қазаннан бастап полицейлер «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.

 Бұл шара барысында тәртіп сақшылары Петрпавл қаласы ішінде, сондай-ақ, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда мақсатты рейдтер мен тексерістер жүргізеді. Рейдтерге инспекторлармен бірге мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың 26 өкілі қатысуда. Қалалық және қалааралық тасымалмен айналысатын көлік жүргізушілері басты назарға алынды.
“Автобус” шарасының алғашқы күнінің өзінде жолаушылар тасымалдайтын көлік жүргізушілері тарапынан 87 заң бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, техникалық тексеруден уақтылы өтпеудің немесе рұқсатсыз қайта жабдықтаудың 4 дерегі, көлік құралын құжатсыз басқарудың 7 жағдайы, рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысудың 1 фактісі анықталды. Тәртіп бұзушылықтардың үштен бірі – жүргізушілердің телефонмен сөйлесуі және маневр ережесін бұзуы. Мұндай 31 дерек әшкереленді. Бұған қоса жол полицейлері белгіленген қозғалыс жылдамдығын бұзған 11 жүргізушіні анықтады.
Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Думан Таевтың айтуынша, полицейлер әкімшілік шараларға қоса, жолаушылар көлігінің жүргізушілерімен алдын алу мақсатындағы жұмысты да жандандыра түсті. «Осы шаралардың нәтижесінде 3 көлік құралын пайдалануға тыйым салынды. 8 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді полиция полковнигі.
«Автобус» операциясы 17 қазанға дейін жалғасады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp