«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛ АПАТЫНАН 4 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Көкшетау-Петропавл трассасы бойында “Жедел жәрдем” мен жеңіл көлік соқтығысып, 7 адамның 4-еуі қаза тапты. Қалғандары әртүрлі дене жарақатын алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік апаты Көкшетау қаласы мен Келлеровка ауылы арасында орын алған. Алдын ала болжамдарға қарағанда, Астанадан жолаушы алып келе жатқан жеңіл көліктің иесі қарсы бағыттағы “Жедел жәрдем” машинасын байқамай қалған секілді.

“Жедел жәрдемнің” жүргізушісі мен фельдшер оқиға орнында көз жұмған. Жеңіл көліктің иесі мен оның жанындағы жүргінші де жан тәсілім еткен.

– Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, жол апатының себептері анықталуда, – дейді жергілікті полиция қызметінің өкілдері.

Өмір ШАЛАБАЙҰЛЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp