«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОҒАЛҒАНДАР ТАБЫЛЫП, ҚАШҚАНДАР ҚҰРЫҚТАЛУДА

Үстіміздегі жылдың 14-15 қазаны күндері облысымызда хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды, сондай-ақ, әділ соттан бой тасалап жүргендерді анықтау мақсатымен «Іздестіру» атты алдын алу шарасы өткізілді.

Соның нәтижесінде Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі істер бөлімінің қызметкерлері халықаралық іздестіруде жүрген, Петропавлда тұратын қылмыскерді қолға түсірді. Өзгенің мүлкін тонап, талан-таражға салған оны Өзбекстанның Әндіжан облысының полициясы 2007 жылдан бері іздестіріп келгенді.

Шара барысында облыс орталығының полицейлері қылмыстан бой тасалап, Петропавлда жүрген бір әйелдің де жолын кесті. Ол Ресейдің Қорған облысының полициясының іздестіру тізіміне қойылған екен. Қылмыскер әйел есірткі заттарын тығып сақтағаны үшін сотталып, қашып кетіпті.

Осы аталған күндері ұзын-ырғасы 22 қылмыскер құрықталды. Олардың жетеуі – ТМД елдерінде іздестіруде жүргендер. Сонымен бірге, жоғалып кеткен бес адам табылды. Криминалдық полиция 28 қылмысты ашты, бір адамның мәйіті анықталды.

Жыл басынан бері хабар-ошарсыз кеткен 81 адам табылып, 90 қылмыскер қолға түсті.

Ольга ШИЯН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp