Биылғы жылғы қаңтардың 13-і мен 19-ы аралығында облыс орталығындағы №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешені бес жылда бір жоспарлы түрде өткізіліп тұратын мемлекеттік аттестаттаудан өткен болатын. Мемлекеттік тестілеуге мектебіміздің төртінші, тоғызыншы, он бірінші сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Білім саласындағы бақылау департаментінің жұмыс тобы мектебімізде болған бір апта ішінде мектеп құжаттамасы, мұғалімнің сабақ жоспары, ісқағаздары мен көрнекілік материалдарының жинақылығы, жалпы оқу сапасы мен оқушылардың білімін саралай келе еңбегімізге жақсы деген баға берді, ол балдық жүйеде 88,5 ұпайды көрсетеді. Бұл – біздің ұжым үшін үлкен жетістік.
Қорлан ЖАЙСЕНБАЕВА,
№17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің директоры.