«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛДАМДЫҚ ӨЛШЕУІШТЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Облыс орталығында жол қозғалысын бақылаудың зияткерлік жүйесі іске қосылды. Облыстық ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесімен біріктірілген жылдамдық өлшеуіштері жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу функцияларын да жүзеге асырмақ.

Аталған қондырғылар Мир-Чкалов, Қ.Сәтбаев, Ш.Уәлиханов-Айыртау көшелерінде орнатылып, жұмысын бастап та кетті. Жүйе жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асырғандарды анықтап, тіркейді. Егер жылдамдық тиісті көрсеткіштен сағатына 10-нан 20 шақырымға асса, айыппұл сомасы 10 айлық есептік көрсеткішті құрамақ. Қалыпты жылдамдық сағатына 20-дан 40 шақырымға артылса, айыппұл – 15 АЕК, ал 40-тан асса, 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.  

Жылдамдықты өлшеу құрылғысы заң бұзушылықты тіркегеннен соң ақпарат серверлерге түсіп, әкімшілік материал ұйғарым ретінде көлік иесінің мекенжайына жіберіледі.

Әбілсейіт ЖОЛАУШИН,

облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp