«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛIКТIҢ БОЛМАУЫ (БОЛУЫ) ТУРАЛЫ АНЫҚТАМАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

2019 жылдың нәтижелері бойынша жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама азаматтар арасында ең сұранысқа ие қызмет екені анықталды.

 Бұл мемлекеттік қызметті өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен – E-gov.kz Электронды үкіметтің веб-порталы, E-gov mobile мобильді қосымшасы немесе Telegram меменджері EgovKzBot 2.0 арқылы алуға болады.
E-gov порталда қызметті алу үшін:
1. Порталда авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде қызметті таңдап, «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ немесе смс-парольдың көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасына тіркеу бар болу керек).
3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
E-gov mobile қосымшасы арқылы:
1. ЭЦҚ немесе смс-кіру арқылы авторизациялану.
2. «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» бөлімінде қызметті таңдап, қажетті алаңдарды толтырып, өтінімді смс-пароль арқылы жіберу керек.
3. «Хабарламалар» қойындысында өтініміңіздің нәтижесімен танысуға болады.
Telegram мессенджері арқылы:
1. Смс арқылы авторизациялану.
2. «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде қажетті қызметті, оның параметрлерін таңдап, алынған SMS-код арқылы сұрауды растаңыз.
3. Мәртебені тексергеннен кейін, сұрау нәтижесі дайын болған жағдайда, оны телефонға көшіріп алуға немесе электрондық поштаға жіберуге болады.
Сонымен қатар, E-gov порталында және E-gov mobile мобильдік қосымшасында жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтаманы үшінші тұлғалардың алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті алу бойынша бейненұсқаулықпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://youtu.be/U3XWUZH48nU


СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp