“Петропавл жылу желілері” ЖШС Еуропаның қайта жаңғырту және даму банкі беретін займға биыл 1,5 шақырым жылу орамаларын қалпына келтіруді жоспарлаған болатын. Бұл жұмысты келісім бойынша “Ақмола энергия жөндеу” ЖШС Петропавл қаласының үш жылу желілері учаскесінде жүргізіп жатыр.
– Бүгінгі күні Шухов көшесіндегі 21-ші үйден Новатор көшесіндегі 4-үйге дейінгі 664 метрлік №5 жылу торабы қалпына келтірілді. Сөйтіп, “Петропавл жылу желілері” ЖШС орамалары біршама бұзылған және тозығы жеткен тораптардың мәселесін шешіп, жылу желілерінің қайта жаңғыртылған учаскелерінде жылу шығынын барынша қысқартты, – дейді серіктестіктің қайта құру және жаңғырту басқармасының басшысы Игорь Осняч.
Осындай жұмыс №23 мектеп аумағы (336 м.) мен “№2 Петропавл ЖЭО” маңында да (500 м.) жүргізілуде.
“СолҚазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімі.