Бір адам бақытсыздыққа ұшырағанында, үй мүлкі, малынан айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары оған мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны ауыл тұрғындарының бірі ұйымдастырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады. Арам жолға, яғни дүниесін ішімдікке, құмар ойынға салғандарға жылу жиналмайды.
Қалау айту
Біреудің жақсы малына, мүлкіне қызыққан адам сол үйдің иесіне, зайыбына немесе баласына соған лайықты бағалы бір тарту әкеліп, әлгі дүниені, жануарды “менің қалауым осы” деп сұрайды. Кейде үй иесі мұндай сыйлы, жөн-жоралғысымен келген қонаққа өзі сөз салып: “Бұл үйден қалаған бір затың бар ма? Қалауыңызды айтыңыз” деп сұрап, қалаған затын сыйлайды.