«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жыл басынан 514 пәтерге ұры түскен

Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының ақпараты бойынша ағымдағы жылғы 9 айдың ішінде өңірде 514 рет пәтер ұрлығы болған. Оның өзі былтырғы сәйкес мерзімдегі 736-дан төменірек, яғни 32 пайызға азайған. Бүгінгі таңда ашылмаған 63 пәтер ұрлығы бар.

Пәтерлерден, жеке үйлерден, кеңселерден, гараждардан ұрлау мүліктік қылмыстардың басым бөлігін құрайды. Бұл ретте қылмыс орны камера назарына түспесе, куәгерлер болмаса, жәбірленушілер полицияға бірден жүгінбеген жағдайында, ұрлықты ашу белгілі уақыт пен ресурстарды қажет етеді.
Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаров қылмыстың бұл түрін алдын алуда учаскелік полиция инспекторларының үй-үйді аралауы, көшелерде жаяу жасақтардың және патрульдік полиция экипаждарының жүруі тиімді екенін атапөтті. Кезекшіліктегі қызметкерлер ұрылардың әрекетіне тоқсауыл болып, жедел уәкілдермен бірге қылмыскерлерді «ізін суытпай» ұстауға қатысады. Криминалдық және патрульдік полициямен қатар, пәтер ұрлықтарын ашуға жедел-криминалистикалық бөліністердің қызметкерлеріде септігін тигізеді. Жыл басынан қылмыс орындарынан алынған аяқ киім мен бұзып кіру құралдарының іздері 50-ден астам пәтер ұрлығын ашуға көмектесті.
Сондай-ақ, үйлердің кіреберісінде домофон мен бейне бақылау камераларының болуы ұрлықтың алдын алуда аса тиімді. Ұрылар камераларға назар аударады. Көршілердің қырағылығы, мессенджерлердегі ортақ чаттар – мүліктік қылмыстардың нәтижелі профилактикасы болып табылады.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp