«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫМҚЫРҒАН ҚАРЖЫҒА ДӘМХАНА САТЫП АЛҒАН

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, өңіріміздегі қаржы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы. 

Ол қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деген күдікке ілініп отыр. Белгілі болғандай, Петропавл қаласында бизнес жүргізу үшін 286,5 млн. теңге сомаға жылжымайтын мүлікті (әкімшілік үй-жай мен іргелес жер телімдері бар қоғамдық тамақтану ғимаратын) сатып алу арқылы ұрланған бюджет қаражатын заңды айналымға енгізбек болды деп айыпталуда. Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген жауапты лауазымды тұлғаның 500 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын біреулермен бірлесіп жымқырды деген күдік бойынша да тергеу жалғасып жатыр. Сот аталған қылмыстық іс бойынша күдіктіге қатысты алдын ала “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайды.

Сурет https://www.ktk.kz сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp