Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентіндегі Украин көшесінің бойында жол-көлік оқиғасы орын алды.
“ЗИЛ” жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан бір әйелді соғып кетті. 31 жастағы азамат жол апатынан алған жарақатының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
“Қызылжар-Ақпарат”.
Сурет http://www.фирмадорожныетехнологии.рф сайтынан алынды.