«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰЛДЫЗДАЙ ЖАРҚЫРАҒАН

«Sensitive» бишілер театры Қытайдағы «The 2nd International Competition-Festival of Culture and Arts «Lace of Tianjin 2025» деп аталатын халықаралық байқау-фестивалінде үш бірдей аталым (халықтық стильдегі би, заманауи хореография және оригиналды жанр) бойынша бас жүлдені жеңіп алды.

Тяньцзинь қаласында өткен байқауға Қытай, Чехия, Моңғолия, Болгария және Ресейден 700-ден астам өнерпаз қатысқан. Еліміздің абыройын асқақтатқан өнер ұжымын өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі ресми парақшасында құттықтады.

«Бұл – үлкен жетістік, әр адамды шабыттандырып, мақтаныш сезіміне бөлейтін жеңіс! Бишілер театрының жетекшісі Ольга Ростовщикова мен ұжымға жаңа жеңістер, жарқын жетістіктер тілеймін», – деп жазды Ғауез Торсанұлы.

Би театры байқауда латын- американдық «Самба», еуропалық «Танго», қазақтың «Аманат» және «Глаз сердца» билерін ұсынған.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp