«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Жұлдыздарға қара” байқауы

Жыл сайын “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” мен “Казкоммерцбанк” акционерлік қоғамдары бірлесіп кембағал жандардың кәсіпкерлігін қолдау үшін “Жұлдыздарға қара” байқауын ұйымдастырады. Қатысушылардың өтініші 1 шілдеге дейін қабылданады.

Байқауға қатысушылар Петропавл қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласып, бизнес-жоспарлары мен қажетті құжаттарын өткізе алады. Биылғы қайтарымсыз қаржының мөлшері бір кәсіпкерге 300 мың теңгеге тең. “Даму” қоры барлық ақпараттық жұмыстарды жүзеге асыра отырып, үміткерлерге бизнес-жоспар құруға, қажетті құжаттар жинауға кеңес беріп, көмектеседі.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp