«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ЖОЛЫ

Мен 2014 жылы жоғары оқу орнын педагог-психолог мамандығы бойынша бітірдім. Оқып жүріп, тұрмыс құрдым. Бала күтіміне байланысты жұмысқа орналаса алмадым. Енді “Жастар практикасы” бағдарламасына жолдама ала аламын ба?

Ұлжан ӘБДРАХМАНОВА.

Мамлют ауданы.

Оқырман сауалына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Алма Махметовадан келген жауапты ұсынып отырмыз:

“Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нысаналы топқа жататын азаматтар жұмысқа орналастыру барысында басым құқыққа ие болады. Нысаналы топқа жататын азаматтар тізімін жұмыспен қамту органдарынан білуге болады. Жоғары оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамту мәселесін шешу мақсатында жұмыспен қамту органдары мекемелерде “Жастар практикасынан” өту үшін жолдамалар береді. Жастар практикасы түлектерді әлеуметтік қорғаудың қосымша шарасы болып табылады.

“Жастар практикасының” мақсаты алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтау, кәсіби білімдерін көтеру, еңбек нарығындағы бәсекелестікке төтеп беру қабілетін арттыру және жұмысқа орналасуға көмек көрсету болып табылады. Жастар практикасына жоғары және орта кәсіптік білім мекемелерінің түлектері жолданады.

“Жастар практикасы” республикалық бюджеттен қаржыландырылады және ұзақтығы 6 айдан аспауы тиіс. “Жастар практикасы” 2012 жылдан бастап “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда. Осыған орай жұмысқа орналасуда жәрдем алу үшін әрбір азамат жергілікті жердегі жұмыспен қамту орталығына немесе жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жолыға алады”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp