«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖӨНДЕЛГЕН ЖОЛДАР

Өңірдегі жергілікті маңызы бар автожолдардың 84 пайызы нормативтік көрсеткішке сай келеді.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, біздің өңіріміз еліміздегі жолдардың ұзындығы бойынша облыстар арасында 2-ші орында тұр. Автожолдардың ұзындығы 8416 километр болса, оның 2 мың шақырымға жуығы республикалық маңызы бар жол саналады.

«Жолдарды жөндеу жұмысы күн тәртібінен түскен емес. Соңғы екі жылда 1,6 мың шақырымнан астам жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы жөн­делді. Былтыр жергілікті автожолдарды дамытуға және көше-жол желісіне 52,6 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесін­де өткен жылы 793,6 километр жөнделді, оның 630 ша­қырымы жергілікті маңызы бар жолдар және 163,6 ки­лометрі көше-жол желісі», — дейді басқарма басшысы­ның орынбасары Мирхат Әбілмәжінов.

Маманның айтуынша, 2026 жылға дейін жергілікті желі бойынша нормативтік талаптарға сай жолдардың үлесін 95 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Биыл жергілікті маңызы бар жолдарды және көше-жол желісін жөндеуге 34,6 млрд. теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа 600 шақырым автожолды және 100 шақырымнан астам көше-жол желісін жөндеу көзделуде.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp