«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ

 

2021 жылы Петропавл қаласында комбайндар, тракторлар және егін себу кешендері шығарыла бастайтыны белгілі. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов болашақ зауыттың құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Әлемдегі ауыл шаруашылығы техникасын шығарушылардың бірі – немістің «Claas» компаниясының жаңа зауыты «Береке» шағынауданында бой көтеруде. Халыққа қызмет көрсету орталығының жанындағы заманауи өндіріс орнындағы барлық цехтар 7 мың шаршы метр аумақта орналасады. Қазіргі уақытта «Құрылыс-Сервис СК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысшылары бос тұрған нысандарды жөндеп, қайта құру жұмыстарын жүргізуде. Серіктестіктің құрылтайшысы Мурат Харсиевтің айтуынша, бірнеше айдан бері болашақ зауыттың аумағы қоршалып, мамандар арнайы техниканың көмегімен көп жылдан бері бос тұрып, тозығы жеткен нысандардың бетон тіректерін ауыстыру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, кәсіпорынның аумағын абаттандыру да қолға алынған. Қазіргі уақытта маңайға бетон төселіп, нысандардың қабырғаларын сендвич панельдермен қаптау жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс әкімі отандық нарыққа кіргелі отырған инвестордың «Xerion» маркалы трактор, «Horsh» егін себу кешендерін және «Tucano» маркалы комбайн шығаруды жоспарлап отырғанын атап айтты.
– Облыс орталығында заманауи зауыттың ашылуы – біздің өңір үшін үлкен жаңалық. Аталмыш жоба толық жүзеге асырылғаннан кейін Петропавлда немістің сапалы комбайндары, тракторлары және егіс кешендері құрастырылатын болады. Облыс экономикасына 3 млрд. теңгенің инвестициясын тартатын инвестор келісімшартқа сәйкес, заманауи станоктарды орнатып, техника құрастыруды өз мойнына алады. Ал мемлекет отандық агробизнес өкілдеріне сатып алатын техника құнының 35 пайызын субсидиялайды. Шетелдік кәсіпорын іске қосылғаннан кейін отандық нарықта бағасы қолжетімді техника саны артады. Жаңа зауыт облыстағы машина-трактор паркін жаңарту бойынша жағдайды жақсарта түседі деп сенеміз, – деді Құмар Іргебайұлы.

Мақаланың толық нұсқасымен газетіміздің келесі санынан таныса аласыздар.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp