«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАМАНАУИ МЕЙРАМХАНА

Петропавл қаласында бой көтеріп жатқан нысандар аз емес. Жақында 200 орындық “Мираж” мейрамханасы ашылып, тұрғындарды қуанышқа бөледі. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев қатысты.

– Өңірде түрлі деңгейде өтетін жиындар көп. Әсіресе, халықаралық жиындарға шетелдерден келетін азаматтар аз емес. Біз оларды әрқашан жақсы деңгейде қарсы алуымыз керек. Ал осындай заманауи мейрамханалар тұрғындар мен шетелдік меймандардың сүйікті орнына айналатынына сенімдімін, – деді Мұхтар Манкеев.

Белгілі қазақстандық дизайнер Анастасия Халина мейрамхананың әсемдік жұмыстарымен айналысқан. Жоғары талғаммен жасалған нысанның ішкі әсемдігі көз сүріндіреді. 200 орынға арналған мейрамханада ауқымды шаралар өткізуге болады. Сонымен қатар, мұнда банкет залы мен VIP бөлмесі де бар. Мейрамхана ғимараты мен барлық құрылыс жұмыстарына 40 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. “NordProdTrade” ЖШС құрылтайшысы Марат Сағнаевтың айтуынша, 35 адам жұмыспен қамтылған. Мейрамхананың ас мәзірінде түрлі елдің тағамдары болады. Қонақтардың талғамына орай тағамдар түрлендіріліп отырылмақ.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp