«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАҒАН

Полицейлер заңсыз аңшылықпен айналысқан 1983 жылы дүниеге келген Петропавл қаласының тұрғынын ұстады. “Land Cruiser” маркалы автокөлігін тінту кезінде ТОЗ-78-01 маркалы, 5,6 калибрлі аңшылық мылтығы, патрондар, пышақтар және жануардың еті табылды. Көлік иесі қойдың етін үйіне апара жатқанын айтып ақталған. 

Аталмыш оқиға Қылмыстық кодекстің 337-ші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларының бірегей тізіліміне енгізілді. Ет сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

– Аң аулауды ермек еткендер аңшылық маусымының жабылуына аз ғана уақыт қалғанын ұмытпауы керек. 1 қаңтардан бастап тұяқты жануарларға, яғни, бұғы, қабан, марал, сібір елігін аулауға тыйым салынады. 15 ақпанға дейін түлкі, қарсақ, қоян және ондатрды аулауға рұқсат етілген. Саятшылық пен балық аулауға құмар адамдар заңның талаптарын орындау қажеттігін білгені абзал, – дейді облыстық полиция департаментіндегі жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобы бастығының міндетін атқарушы Асхат Қожабаев.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp