Ғарыштан жасалған түсірілім өңірімізде рұқсат етілмеген 600-ден астам қоқыс орнының бар екенін көрсетті.
Рұқсатсыз қоқыс төгілген учаскелерді тазартуды бақылау мақсатында былтыр бірқатар аудан басшыларына хат жолданып, хаттама да толтырылған екен. Әйтсе де, тапсырма толық орындалмаған.
Былтыр Энергетика министрлігінің және “Қазақстан ғарыш сапары” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының арасында келісімшартқа қол қойылып, оның аясында қалалардың айналасындағы қоқыс төгетін орындар жер серігінің көмегімен тексерілетін болды.
– waste.gharysh.kz порталына кіріп, рұқсатсыз төгілген қоқыс үйінділерін көруге болады. Былтыр облыста ғарыш мониторингісіне сәйкес рұқсат етілмеген 863 қоқыс орны анықталды. Биыл олардың саны 614-ке азайып отыр, – деді облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Жасыбай Шаймерденов.