«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢ ПӘНДЕРІНІҢ АПТАЛЫҒЫ

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студент­терін оқытуда қолайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Болашақ заңгерлердің кәсіби құзыретін қалыптас­тыру үшін сапалы білім, ептілік пен дағдылар қажет. Тео­риялық-практикалық білім кәсіби әрекет ету, тәжірибе тү­рінде нәтиже алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін зият­керлік және практикалық ептілік пен дағдылардың алғы­шарттары болып табылады.

Колледж студенттері сұхбат­тарға, пікірсайыстарға, конкурс­тарға, фестивальдарға, “дөңге­лек үстелдерге”, рөлдік ойын­дарға белсенді түрде қатысады, ғылыми жобаларды қорғайды. Студенттерді кәсіби даярлау барысында жеке қажеттіліктер де, ұлттық мәдени және білім беру құндылықтары да ескері­леді.
Біздің колледжде ғылыми-әдістемелік жұмысқа ерекше на­зар аударылады, белгілі бір та­қырыптарда ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі. Конференцияларға дайындалу арқылы студенттер әртүрлі құ­қықтық бағыттағы ерекшеліктер­ді танып, өздерінің кәсіби білік­тілігін жетілдіреді. Мұндай іс-шаралар ыңғайлы білім беру орта­сын құруға, әлеуметтік тұрғыдан маңызды тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Сынып жетекшілерінің циклдық әдістемелік бірлестігі студент­тер­дің заңгер ретінде қалыпта­суына педагогикалық жағдай жа­сауға маңызды үлес қосады. Сту­денттер тағылымдамадан өткен­де өздерінің алған білімдерін тә­жірибе арқылы бекітеді, болашақ қызмет орындарын анықтайды.
Жуырда заң пәндері апталы­ғы аясында колледж студент­те­рінің өз білімдерін жетілдіруге жағ­дай жасайтын әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Апталық бары­сын­да колледж педагогтары түр­лі жұмыс түрлерін пайдаланды. Апталықта “Сұрақтардың логи­ка­лық сипаттамасы” тақырыбын­да ашық сабақ, облыстық қыл­мыстық істер жөніндегі маман­дан­дырылған ауданаралық сот­тың төрағасы С.Викторенко­ның қатысуымен “Алқабилер соты” бойынша пікір алмасу, облыс­тық ішкі саясат басқармасының өкі­лі Д. Айтмағанбеттің қаты­суы­мен “Жалған діни ағымды та­ра­татын интернет-ресурстардың қа­уіп-қатері” тақырыбында веби­нар өткізілді. “Қазақстанның бо­лашағы – кәсіпкерлікте” тақыры­бына арналған конференцияға облыстық кәсіпкерлер палата­сы­ның бөлім басшылары А. Нұр­сейітов пен Р. Зейнуллин шақы­рылды. Сондай-ақ, жалпы білім беретін қала мектептерінің жоға­ры сынып оқушыларының қаты­суымен “Заңгер мамандығы: оң және теріс жақтары” тақыры­бы­на “дөңгелек үстел” ұйымдасты­рылды.

Нұрлыгүл АҚЖІГІТОВА,
Дина БАЙБОСЫНОВА,
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі
заңтану пәндерінің мұғалімдері. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp