Өтпелі шақтағы қиындықты жеңу үшін тұрмысы төмен азаматтарға, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында мектебімізде “Қамқорлық” акциясы өтті. Акция аясында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын және қолайсыз отбасыларды анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастырылып, оқушылардың тұрмыстық жағдайлары анықталды.
Шара барысында “Руфина” дүкенінің иесі С.Галиева, “Санжар” сауда орталығының иесі Б.Жаңабаев, Р.Абдрахманова, А.Мұқашева сынды азаматтар және ауыл мешітінің өкілдері жомарттық танытты. Жиналған қаражатқа тұрмысы төмен отбасы балаларына қысқы куртка, бас киім, кеңсе тауарлары, мектеп формасы, аяқкиімдер алынды. Жалпы акция барысында 19 оқушыға әртүрлі көмек көрсетілді. Қайырымдылық істен мектеп мұғалімдері де шет қалған жоқ.
Жұлдыз ОҢҒАРБАЙ,
№2 Ленинград орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.
Ақжар ауданы.